Астанада Арсланбек Айтқұлов әлемнің экс 33-ракеткасын ұтты

Астанада Арсланбек Айтқұлов әлемнің экс 33-ракеткасын ұтты
Фото: ҚТФ баспасөз қызметінен

Қазақстандық Арысланбек Айтқұлов Президент кубогі ATP Challenger Tour турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды теннис мектебінің 19 жастағы түлегі, дүниежүзілік рейтингте 1345-орында тұрған Айтқұлов бастапқы кездесуін әлемнің бұрынғы 33-інші, қазіргі 740-ракеткасы, өзбекстандық, ATP 250 жарысының екі дүркін чемпионы Денис Истоминмен өткізді. Қазақстандық теннисші 6:2, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Арысланбек ертең іріктеу сайыстарының финалында негізгі додаға өту үшін әлемнің 665-ракеткасы, үндістандық Калианд Пуначпен таласады.

Басқа қазақстандық Виталий Зацепин мен Григорий Ломакин қарсыластарына жол берді. 17 жастағы Зацепин белоруссиялық Егор Герасимовтан 3:6, 2:6 есебімен ұтылса, Ломакин ресейлік Евгений Филипповтан өте алмады - 1:6, 2:6.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина