Қазақстандық каратэшілер Азия чемпионатында жалпы есепте 1-орында келе жатыр

Малайзияның Малакка қаласында WKF каратэден ересектер арасындағы XIX Азия чемпионатының екінші жарыс күні 6 қазақстандық татами шебері тұғыр сатысына көтерілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кумите бағдарламасында тəжірибелі Нұрқанат Әжіқанов (75 келі) пен Қайсар Алпысбай (60 келі) əнұранымызды шырқатты. Ал Мөлдір Жаңбырбай (50 келі) мен Гүлмира Үсенова (55 келі) финалда қарсыласқа есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болды. Сондай-ақ Данияр Юлдашев (84 келі) пен Абылай Төлтай (84 келіден жоғары) өз салмағында қола медаль жеңіп алды. 

Қазір Қазақстан құрамасы 3 алтын, 3 күміс, 4 қола медальмен жалпы есепте 1-орында келе жатыр. Одан кейін Иран мен Йордания тұр. Азия чемпионаты ертең мəресіне жетеді.

Биылғы бәсекеге барлығы құрлықтағы 31 елден 400-ге жуық татами шебері жиналды. Бұл қатарда 19 қазақстандық бар.

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!