Месси жаңа командасы үшін соңғы минутта фантастикалық гол соқты

Месси жаңа командасы үшін соңғы минутта фантастикалық гол соқты
Фото: ©FC Maiami Inter

Бүгін таңертең Солтүстік және Орталық Америка лигаларының кубогы турнирі аясында Интер Майами мен Круз Асул арасындағы матч аяқталды. Ойын аты аңызға айналған аргентиналық Лионель Месси үшін алғашқы ресми ойын болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Матчтың өзі Форт-Лодердейлде (Флорида, АҚШ) өтті. Қарсыластардың қақпасына алғашқы допты "Интер Майами" ойыншысы Роберт Тейлор 44-минутта соқты. Алайда мексикалықтар уриэль Антунның арқасында 65-минутта жауап қайтарды. Кездесудің соңғы секундтарында Интер Майамидің шешуші голын екінші таймда алаңға шыққан Лионел Месси соқты. Ол айып добынан өзінің сиқырлы сол аяғымен қарсылас командасының тоғыздығына сылқ еткізді. 

Осылайша Аргентиналық аяқдопшы американдық команданың сапындағы алғашқы ойынында дебютті голын соқты. 

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!

Ж. Зинешов