Қазақстандық клубтардың Конференция лигасындағы қарсыластары белгілі болды

Қазақстандық клубтардың Конференция лигасындағы қарсыластары белгілі болды
Фото: instagram.com/fctobol/

Қазақстандық клубтар еурокубок жолындағы жарыстарын жалғастырады. Түнде өткен қарымта ойындар нәтижесі бойынша қарсыластары анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz сайты. 

Қостанайдың "Тобыл" командасы сырт алаңда "Хонкамен" 0:0 есебімен тең ойнады. Бірінші ойында 2:1 есебімен жеңіске жеткен. Қос ойын нәтижесі бойынша екінші кезеңге шықты. Бұл кезеңде Швейцарияның "Базель" командасымен ойнайды. 

"Ақтөбе" Конференция лигасын екінші кезеңнен бастайды. Оған Грузияның "Торпедо" командасы қарсылас атанды. 

Конференция лигасындағы үшінші команда – "Ордабасы". Шымкенттік клуб үшінші кезеңге шығу үшін Польшаның "Легия" клубымен ойнайды. 

Командалар арасындағы бірінші ойындар 27 шілде күні өтсе, қарымта кездесулер 3 тамызға жоспарланған. 

Айта кетейік, бұған дейін Чемпиондар лигасында бақ сынап жатқан "Астана" екі ойын қорытындысы бойынша Тбилисидің "Динамо" клубын ұтқан еді. Елордалық команда екінші кезеңде Загребтің "Динамо" клубымен кездеседі. 

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!

О. Сансызбай