Қазақстанның бірінші ракеткасы АҚШ-тағы турнирге қатыспайтын болды

Қазақстанның бірінші ракеткасы АҚШ-тағы турнирге қатыспайтын болды
Фото: instagram.com/bublik/

Қазақстанның бірінші, әлемнің 27-ракеткасы Александр Бублик АҚШ-тың Атланта қаласындағы Atlanta Open турниріне қатыспайтын болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

20 шілдеде спортшының күтпеген жерден турнирден бас тартқаны белгілі болды. Себебі белгісіз. Atlanta Open 22-30 шілде аралығында өтеді.

Еске салайық, Александр Бубликтің кейінгі турнирі Уимблдон болды, ол мұнда 1/8 финалға дейін жеткен еді. Қазақстандық теннисшіні жарыс жолынан ресейлік Андрей Рублев шығарды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан