Александр Недовесов – ATP 250 турнирінің жартылай финалында

Александр Недовесов – ATP 250 турнирінің жартылай финалында
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 53-ракеткасы Александр Недовесов эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге Бастада (Швеция) өтіп жатқан ATP 250 сериясы турнирінің жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Недовесов пен Эскобар жүлде қоры 630 000 еуро болатын Nordea Open турнирінің ширек финалында сербиялық Никола Качич/Душан Лайовичті 6:1, 7:5 есебімен жеңді.

Енді қазақстандық және эквадорлық теннисшілер енді жартылай финалда итальяндық Андреа Вавассори/Симоне Болелли - Марко Чеккинато (Италия)/Бернабе Сапата Мираллес (Испания) арасындағы кездесудің жеңімпаздарымен кездеседі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан