Дамир Исмагулов та UFC-дегі спортшылар қатарынан шеттетілді

Дамир Исмагулов та UFC-дегі спортшылар қатарынан шеттетілді
Фото: ©instagram.com/ismagulov_damir

UFC ұйымдастырған жарыстарда екі жекпе-жек қатарынан жеңілген Дамир Исмагулов ұйым құрамындағы спортшылар қатарынан шығып қалды. Бұл туралы UFC Roster Watch Twitter-аккаунты жазды. 

Ұйымдағы соңғы өзгерістер мен жаңалықтарды хабарлайтын парақшада Дамирдың жекпе-жектері тоқтағаны жайлы ақпар берілген. 

Қазақстандық спортшы соңғы рет UFC Vegas 76 турнирінде өнер көрсетті. Төрешілер шешімі бойынша америкалық Грант Доусонға жол берген еді.

Айта кетейік, бұған дейін Жалғас Жұмағұлов та UFC құрамындағы спортшылар тізімінен шығып қалған болатын. Ал жексенбі күні алғашқы жекпе-жегіне шыққан Азат Мақсұм ұйымдағы қадамын жеңіспен бастады.

О. Сансызбай