Александр Недовесов Швециядағы турнирдің ширек финалына өтті

Александр Недовесов Швециядағы турнирдің ширек финалына өтті
Фото: ktf.kz

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 53-ракеткасы Александр Недовесов Бастад (Швеция) ATP 250 турнирінің ширек финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге бастапқы кездесуін корт иелері Лео Борг – Симон Фройндпен өткізді.

Бірінші партияда қазақстандық-эквадорлық дуэттің басымдылығы анық байқалды – 6:1. Тартыстылау өрбіген екінші сетте есеп 5:3 болған мезетте жаңбырға байланысты матч тоқтатылып, кейін қайта жалғасты. Недовесов пен Эскобар 6:4 есебімен жеңіске жетті. 

Недовесов – Эскобар жүлде қоры 630,7 мың еуроға бағаланған жарыстың жартылай финалына шығу үшін доданың 2-ракеткалары, бельгиялықтар Йоран Флиген – Сандер Жилле немесе сербиялықтар Никола Качич – Душан Лайович жұптарының қай жеңгенімен кездеседі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан