Жәнібек Әлімханұлы күтпеген мәлімдеме жасады

Жәнібек Әлімханұлы күтпеген мәлімдеме жасады
Фото: ©instagram.com/janibek_alimkhanuly

Орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (14-0, 9 КО) әлеуметтік желіде мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 

"Патша жуырда оралады!" - деп жазған Жәнібек Twitter-парақшасында. 

Мамырда АҚШ-тың Стоктон қаласында өткен бокс кешінде Әлімханұлы канадалық Стивен Батлерді (32-4-1, 26 КО) екінші раундта нокаутқа түсіріп, чемпиондығын екінші рет қорғап қалды. 

Осыдан кейін ол IBF чемпионы атанған германиялық Винченцо Гуалтьериді жекпе-жекке шақырды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек