15 жастағы Зара Даркен алғаш рет WTA 250 турнирінде ойнайды

Қазақстандық Зара Даркен Палермода (Италия) жүлде қоры 259 000 АҚШ доллары болатын WTA 250 турнирінің негізі кезеңіне қатысу үшін бақ сынайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Іріктеу кезеңінің бірінші кезеңінде турнирді ұйымдастырушылардан wild card алып, ITF жасөспірімдер рейтингінде 824-орында тұрған 15 жастағы Зара Даркен іріктеудің тоғызыншы ракеткасы, 23 жастағы нидерландтық Ева Веддерге (әлемнің 316-ракеткасы) қарсы ойнайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!