Месси жетістігінің құпиясын ашты

Месси жетістігінің құпиясын ашты
Фото: PSG

Аргентиналық танымал футболшы Лионель Месси TV Publica арнасына берген сұхбатында мансап жолындағы жетістігінің құпиясын ашты. Футболшы қандай жағдай болса да алға ұмтыла түсуді ұстанымы санайды.

Менталитет, үнемі күресу, құрбан ету, ылғи алға ұмтылу – осылар арқылы мен осы жетістікке жеттім. Мұның барлығын бастан кештім, командалық болсын, жекелей болсын мақсатқа қол созудан жалыққан емеспін.

Мен бала кезімнен сондай болдым. Бәріне жауапкершілікпен қарадым әрі сенімді болдым. Бар күшімді жетістікке жолында жұмсадым. Бәрі бірдей орындала берген жоқ, бірақ алған бетімнен қайтқан емеспін. Жарақаттан да дін аман болдым, - дейді Аргентина құрамасы капитаны.

Айта кетейік, 2022 жылы Месси Аргентина құрамасымен әлем чемпионатында топ жарды. Турнирдің үздік ойыншысы атанып, бұрын-соңды жеңіп көрмеген атағына қол жеткізді.

"Барселона" сапында ойыншы 35 ірі жүлдеге ие болған. 7 рет "Алтын доп" иегері атанып, бірде-бір футболшы қол жеткізбеген жетістік шыңын бағындырды.

ПСЖ командасында екі рет Франция чемпионы және Суперкубогын иеленді. 36 жастағы футболшы жақында "Интер Майами" командасы қатарына қосылады.

О. Сансызбай