Арина Соболенко Уимблдон турнирінің жартылай финалына шықты

Әйелдер арасындағы әлемнің екінші ракеткасы Арина Соболенко Уимблдон турнирінің жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Беларусь өкілі ширек финалда америкалық теннисші Мэдисон Кизбен ойнады. Арина Соболенко  қарсыласын 6:2, 6:4 есебімен екі сетте жеңді.

Енді әлемнің екінші ракеткасы жартылай финалда қазақстандық Елена Рыбакина немесе тунистік Онс Жабердің біреуімен ойнады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!