Елена Рыбакинаның Уимблдон турнирінің ширек финалындағы қарсыласы анықталды

Елена Рыбакинаның Уимблдон турнирінің ширек финалындағы қарсыласы анықталды
Фото: Getty Images

Елена Рыбакинаның Уимблдон турнирінің ширек финалындағы қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін әлемнің 6-ракеткасы, тунистік теннисші Онс Жабер немесе рейтингіде 9-сатыда тұрған чехиялық Петра Квитова ойнады. 

Онс Жабер Петра Квитованы 6:0, 6:3 есебімен оңай ұтып, ширек финалға жолдама алды. Қазақстандық және тунистік теннисшілер арасындағы матч 12 шілдеге жоспарланған.

Айта кетейік, Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің былтырғы финалында Онс Жабермен кездесіп, оның жеңген еді. 

Еске салайық, бүгін, 10 шілдеде Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің ширек финалына шықты.

Қазақстандық теннисші төртінші айналымда әлемнің 13-ракеткасы, бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен шеберлік байқасты. 

Бұл жолы бірінші партияда Рыбакина брейкпен алға шықты - 3:1. Содан кейін өз геймін алды - 4:1. Осы сәтте медициналық көмекке жүгінген бразилиялық теннисші бәсекені жалғастырудан бас тартты.

М. Лұқпан