"Алтын доп" иегері Луис Суарес Мирамонтес қайтыс болды

"Алтын доп" иегері Луис Суарес Мирамонтес қайтыс болды
Фото: © La Razon

"Барселона", "Интер" және Испания құрамасының бұрынғы футболшысы Луис Суарес Мирамонтес 88 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі AS басылымына сілтеме жасап.

Мирамонтес "Депортиво" мен "Сампдория" командаларында да ойнаған. 1960 жылы "Алтын допты" жеңіп алды. Ол Испания құрамасымен 1964 жылы Еуропа чемпионатын жеңіп алды.

Ол - италиялық клубта ойнаған алғашқы испандық футболшы. IFFIIS мәліметінше, Луис Суарес ХХ ғасырдағы Еуропаның ең үздік ойыншылары арасында 50-ші және ХХ ғасырдағы Испаниядағы ең үздік ойыншылар арасында 5-ші орында. Ол Guerin Sportivo нұсқасы бойынша ХХ ғасырдың ең үздік ойыншыларының арасында 46-шы және Плакардың нұсқасы бойынша ХХ ғасырдың жүз үздік ойыншыларының арасында 74-орында.

Ойын мансабын аяқтағаннан кейін Мирамонтес "Интер", "Кальяри", СПАЛ, "Комо", "Депортиво", "Альбасете" және Испания құрамасын жаттықтырды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек