Шахматта да VAR жүйесі қолданылады

Шахматта да VAR жүйесі қолданылады
Фото: championat.com

Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) алғаш рет жарыстардарда видеокөмекші ретінде VAR жүйесін іске қоспақ. Бұл ойынның әділ әрі шынайы өтуіне септігін тигізеді деп күтілуде. 

VAR жүйесі көптеген спорт түрлерінде сәтті қолданылып келеді. Ал шахматта алғаш рет биылғы Батыс Азия жастары чемпионатында idChess технологиясы негізінде тәжірибе жүзінде сынақтан өткізіледі. 

Шахматтағы жаңа жүйе үш жағдайда қолданылады:

  • даулы сәттер (ойыншының бірі ереже бұзу жағдайы бойынша төреші көмегіне жүгінгенде);
  • шолу және VAR ұсынысы (ойын кезінде idChess платформасы арқылы төреші трансляцияны тоқтатып, ойынның шолуын көре алады, сондай-ақ ойыншылардың тәртібін де бақылай алады);
  • шешім қабылдау (төреші ойынды қадағалап шешім қабылдай алады).

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!

О. Сансызбай