"Барселона" Мессиге әлі күнге дейін жалақы төлейді. Неге?

"Барселона" футбол клубы әлі күнге дейін аргентиналық шабуылшы Лионель Мессиге жалақы төлеп келеді. Бұл туралы каталондық клубтың президенті Жоан Лапорта хабарлады. 

Месси командадан 2021 жылы кеткен. Ал команда 2025 жылға дейін жалақы төлейді. 

Біз Леоның командамен қоштасуын керемет етіп өткіземіз. "Камп Ноу" стадионының ашылуы кезінде болса, тіпті керемет. Біз оған 2025 жылға дейін жалақы төлейміз, себебі бұрынғы басшылық кезінде еңбекақысын алуды кейінге қалдырған, - дейді Лапорта Mundo Deportivo басылымына берген сұхбатында. 

Аргентиналық футболшымен каталондық клуб 2021 жылы келісімшартты ұзарта алмады. Түрлі түсініспеушіліктер болған соң, Месси еркін агент ретінде ПСЖ-ға ауысты. Ал ковид кезінде жалақысының жартысын ғана алып, қалғанын кейін алу жайында келісімге келген. 

Месси "Барселона" сапында 10 рет Испания чемпионы, 4 рет Чемпиондар лигасы жеңімпазы атанды. 

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!