Жамбылдық балуан 2023 жылғы “Қазақстан Барысы” атанды

Қазақ күресінен 2023 жылғы "Қазақстан Барысы" турнирі аяқталды. Кіл мықты балуандар бәсекесінде жамбылдық балуан Ғалымжан Қырықбай жеңімпаз атанды.

Биылғы балуандар бәсекесінде 41 үміткер бақ сынады. Ал финалға маңғыстаулық Нұрләулет Жарылғапов пен жамбылдық Ғалымжан Қырықбай сүрінбей жетті. Қос балуанның белдесуі тартысты өтіп, қоян-қолтық айқаста екіншісінің мерейі үстем болды.

Ғалымжан Қырықбай бұған дейін "Қазақстан Барысында" күміс те, қола да жүлдегер болған. Биылғы бәсекеде алтын тайтұяқ пен 25 миллион теңгені иеленді. Ал "Қара бура" Нұрдәулет Жарылғапов екінші рет жарыстың күміс жүлдегері атанды. Қола белбеуді павлодарлық балуан Мұхтар Дәлелханұлы қанжығасына байлады.

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!