«Тұғыры биік Тарбағатай» фестивалінде түйе палуандар анықталды

«Тұғыры биік Тарбағатай» фестивалінде түйе палуандар анықталды

Спорт сүйер қауымның назары Абай облысы Ақсуат ауданында жалауы желбіреген «Тұғыры биік Тарбағатай» өнер және спорт фестиваліне ауды. Биыл 10-шы мәрте ұйымдастырылып жатқан ұлттық төл өнердің тойы болып көпшілік қауымның есінде қалды.

Ырғызбай Досханаұлы атындағы Гран-При турнирі идясының авторы Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы, Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының вице-президенті Сабуров Бәделхан Камалханұлы.

Биыл кезекті мәрте жалауан желбіреткен Ырғызбай Досханаұлы атындағы Гран-При бәсекесі халықаралық деңгейге шыққан. Осы жолы Қазақстаннан бөлек әлемнің 15 елінен балуандар бозкілемде бағын сынауға келді. Көрші Қырғызстан мен Өзбекстаннан бөлек алыс-жақын шетелден де балуандар бар. 

Бүгін үш салмақ дәрежесінде жүлдегерлер мен жеңімпаздар анықталды. 74 және 90 келіге дейінге салмақ пен 100 келіден жоғары алып денелі балуандар да бозкілемге шықты.

74 келі салмақта грузиялық Ника Техикаидзе және ирандық Турия Чокри қола жүлдені жеңіп алды. Финалда тәжік спортшысы Хусаинзада Мохамедраджа мен қазақстандық Қуандық Шадияр кездесіп, соңғысының асығы алшысынан түсті.

І орын - Қуандық Шадияр (Қазақстан)

ІІ орын - Хусаинзада Мохамедраджа (Тәжікстан)

ІІІ орын - Ника Техикаидзе (Грузия), Турия Чокри (Иран)

90 келіде бозкілемге шыққан ирандық Саид Мохаммедриза мен тәжік Каримов Суруш қоланы қанағат тұтты. Күміс жүлдені Өзбекстан өкілі Умар Бозаров алды. Ал финалда жеңген Әсет Ахметжанов екі дүркін чемпион атанды.

І орын - Әсет Ахметжанов (Қазақстан)

ІІ орын - Умар Бозаров (Өзбекстан)

ІІІ орын - Саид Мохаммедриза (Иран),Суруш Каримов (Тәжікстан)

100 келіден жоғары салмақта Нұрым Сәлімгереев Гран-при жеңімпазы атанды. Финалда отандасымыз грузиялық Шакирашвили Георгиден басым түсті. Өзбекстандық Хисамутдинов Мухсин пен әзірбайжандық Мохамедзада Мохаммед қола медаль иеленді.

І орын - Нұрым Сәлімгереев (Қазақстан)

ІІ орын - Шакирашвили Георги (Грузия)

ІІІ орын - Хисамутдинов Мухсин (Өзбекстан), Мохамедзада Мохаммед (Әзірбайжан)

Massaget