Танымал өзбек боксшысы Жәнібек Әлімханұлының промоутерімен келісімшартқа қол қойды

ESPN инсайдері Майк Коппинджер танымал өзбек боксшысы Баходир Джалолов Top Rank компаниясымен көпжылдық келісімшартқа қол қойғаны жайлы хабарлады, - деп жазады Vesti.kz.

+91 кило салмақта Олимпиада және әлем чемпионы атағына ие Баходир кәсіпқой бокста 12 жекпе-жек өткізіп үлгерді. Оның барлығында айқын жеңіске жетті. Бұған дейін Лу ДиБелланың DiBella Entertainment компаниясымен келісімде болатын. 

Айта кетейік, Top Rank президенті танмал промоутер – Боб Арум. Ол қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының да жекпе-жектерін ұйымдастырады.