Танымал өзбек боксшысы Жәнібек Әлімханұлының промоутерімен келісімшартқа қол қойды
![Танымал өзбек боксшысы Жәнібек Әлімханұлының промоутерімен келісімшартқа қол қойды](/userdata/news/news_86454/image_l.jpg)
Фото:
IBA
ESPN инсайдері Майк Коппинджер танымал өзбек боксшысы Баходир Джалолов Top Rank компаниясымен көпжылдық келісімшартқа қол қойғаны жайлы хабарлады, - деп жазады Vesti.kz.
+91 кило салмақта Олимпиада және әлем чемпионы атағына ие Баходир кәсіпқой бокста 12 жекпе-жек өткізіп үлгерді. Оның барлығында айқын жеңіске жетті. Бұған дейін Лу ДиБелланың DiBella Entertainment компаниясымен келісімде болатын.
Айта кетейік, Top Rank президенті танмал промоутер – Боб Арум. Ол қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының да жекпе-жектерін ұйымдастырады.
О. Сансызбай