Дамир Исмагулов UFC-де екінші рет қатарынан жеңілді

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Дамир Исмагулов Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) өткен UFC Vegas 76 турнирінде жеңіліс тапты. Жеңіл салмақта өткен кездесуде америкалық Грант Доусонға жол берді. 

Америкалық спортшы төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті. Ал Дамир UFC-мен келісімшарты бойынша соңғы жекпе-жегін өткізді. 

Айта кетейік, Дамир Исмагулов желтоқсан айында ресейлік Арман Царукянға есе жіберген еді. Оған дейін 5 жекпе-жекте жеңіске жеткен болатын.