Футболдан Қазақстан құрамасы FIFA рейтингінде 8 саты жоғарылады

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Халықаралық футбол қауымдастықтары одағының (FIFA) жаңарған рейтингінде 8 саты жоғарылап, 104-орынға тұрақтады.

Магомед Адиев жаттықтыратын ұлттық құрама маусым айында екі ойын өткізді. 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында қазақ футболшылары сырт алаңда Сан-Марино және Солтүстік Ирландия құрамаларын ұтты. 

Жаңарған рейтингте үздік үштікте өзгеріс жоқ. Аргентина құрамасы көш бастап тұрса, екінші орында – Франция. Бразилия құрамасы үштіктегі орнын сақтап қалған. 

Спорт барлығына жетеді!

Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!