Қазақстандық теннисші тарихи жеңісінен кейін АТР рейтингінде 22 саты жоғарылады

Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (АТР) жаңарған рейтингін жариялады. АТР 500 турнирінде тарихи жеңіске қол жеткізген қазақстандық Александр Бублик нәтижесін айтарлықтай жақсартты. 

Жаңарған рейтингте Александр 22 саты жоғарылап, 26-орынға табан тіреген. Қазіргі таңда үздік 100 теннисші қатарындағы жалғыз қазақстандық. 

Испандық теннисші Карлос Алькарас рейтинг көшін қайта бастады. Ол "Үлкен дулыға" турнирінде 23-рет жеңіске жеткен Новак Джоковичті екінші орынға сырғытты. Үздік үштікті ресейлік Даниил Медведев түйіндеп тұр.