Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі соңғы жекпе-жегі күтпеген нәтижемен аяқталды

Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі соңғы жекпе-жегі күтпеген нәтижемен аяқталды

Аралас жекпе-жектен файтер Жалғас Жұмағұлов (14-9) UFC-де алтыншы жекпе-жекте жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Sport-қа сілтеме жасап.

Ең жеңіл салмақта өнер көрсеткен 34 жастағы қазақстандық қолданыстағы келісімшарты бойынша соңғы жекпе-жегінде америкалық Джошуа Ванмен (8-1) кездесіп, ұпай бойынша ұтылды.

15 минуттық шиеленісті жекпе-жек төрешілердің түрлі шешімімен аяқталды, себебі төрешілердің бірі жеңісті қазақстандыққа (29:28), ал қалған екеуі америкалыққа (екеуі де 29:28) берді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова