Анна Данилина жұптық сында Берлин турнирінің ширек финалына өтті

Анна Данилина жұптық сында Берлин турнирінің ширек финалына өтті
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 24-ракеткасы Анна Данилина Берлин WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жарыстың 4-ракеткасы болып тіркелген Анна Данилина мен қытайлық Сюй Ифань алғашқы айналымда германиялық Лаура Зигемунд – ресейлік Вера Звонаревамен шеберлік байқасты.

Қазақстандық-қытайлық жұп қарсыластарын 6:3, 6:1 есебімен оңай жеңді.

Бір сағаттан сәл астам уақытқа созылған кездесу барысында Данилина мен Ифань 9 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жіберген жоқ.

Қазақстандық-қытайлық дуэт жартылай финалға шығу үшін чехиялықтар Катерина Синякова – Маркета Вондрусовамен кезедеседі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан