"Қайратты" Алматы қаласы әкімдігі қаржыландыра ма?

"Қайратты" Алматы қаласы әкімдігі қаржыландыра ма?
Фото: "Қайрат" ФК

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев "Қайрат" командасы жайлы сұраққа жауап беріп, қазіргі таңда клуб өз қаржысымен дамып жатқанын айта кетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Қайрат" - қаламыздың мақтанышы, елімізде ең алғаш құрылған клубтардың бірі. Әзірге коммуналдық меншікке өткен жоқ. Меншік иелері тарапынан сот немесе басқа да шешімдер болған жоқ. Қазір клуб өз-өзін қаржыландырып отыр, қала тарапынан "Қайраттың" жасөспірімдер академиясына жылдық қаржыландыру ғана жүруде. Ал клуб өздері дамып, Қазақстан чемпионатына қатысуда. Қаржы тапшылығы және басқа да мәселелер тағы да көтерілсе, заңда белгіленген тәртіппен қараймыз. Бұл мәселе бүгінде әкімдіктің күн тәртібінде тұрған жоқ, - деді қала әкімі.

Айта кетейік, қазір футболдан ел премьер-лигасында алматылық команда 21 ұпаймен 5-орында келеді. Келесі ойынын 24 маусым күні өз алаңында "Қызылжарға" қарсы өткізеді.

О. Сансызбай