Алғашқы ойынын Қазақстанға қарсы ойнаған Роналду әлемдік рекорд орнатты

Алғашқы ойынын Қазақстанға қарсы ойнаған Роналду әлемдік рекорд орнатты
Фото: EPA

Португалия ұлттық құрамасы мен "Әл-Наср" командасының шабуылшысы Криштиану Роналду 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясындағы Исландияға қарсы ойынға қатысты. Бұл оның ұлттық құрама сапындағы 200-ойыны болды. 

Ойын алдында футболшыға Гиннестің рекордтар кітабына енген сертификат табысталды. Роналду ұлттық құрама сапында 200 ойынға қатысқан алғашқы футболшы атанды. 

Біреу білсе, біреу білмес. Роналду ұлттық құрама сапындағы ең алғашқы ойынын Қазақстанға қарсы өткізген. Бұл жайлы өз сұхбаттарында жиі айтпаса да, арагідік есіне алып тұрады.

2003 жыл. 23 тамыз. Қазақстан құрамасы Шавиште Португалиямен жолдастық кездесу өткізді. Сол ойынның екінші таймында Роналду атақты Луиш Фигуді алмастырып алаңға шықты. Алғашқы ойыны болса да сасқан жоқ. Керісінше, тамаша талант иесі екенін көрсетіп бақты. Бас жаттықтырушы Луис Фелипе Сколари сенімін ақтады. Ал ойында 65 минутта Симау Саброза соққан гол алаң иелеріне жеңіс сыйлады.

Роналду ұлттық құрама сапында 122 гол соғып, 43 нәтижелі пас берген. Ал кеше өткен Исландияға қарсы ойында жеңіс голын соғып, жанкүйерлерін қуантты. 

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

О. Сансызбай