"Тобыл" Конференция лигасында фин командасымен ойнайды

"Тобыл" футбол клубының Конференция лигасындағы бірінші қарсыласы белгілі болды. Жеребе бойынша қостанайлық командаға Финляндияның "Хонка" клубы қарсылас атанды. 

Екі команда арасындағы бірінші ойын 13 шілде күні Қостанайда өтеді. Қарымта ойын 20 шілдеде Финляндияда өтеді. 

Қазіргі таңда "Хонка" фин чемпионатында 6-орында келеді. 2022 жылғы чемпионатты үздік үштікте аяқтаған.