"Астананың" Чемпиондар лигасындағы қарсыласы анықталды

Футболдан  2023/24 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңі жеребесі тартылды. Елордалық командаға Тбилисидің "Динамо" клубы қарсылас атанды. 

Іріктеу кезеңіндегі бірінші ойынды "Астана" өз алаңында өткізеді. Қарымта кездесу сырт алаңда болады. 

Жарыстың бірінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойындар 11/12 шілдеге жоспарланған. Қарымта ойындар 18/19 шілдеде өтеді.