Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының маскоты таныстырылды

UEFA ресми сайты 2024 жылы Германияда өтетін Еуропа чемпионатының маскотын таныстырды. Доп додасының ерекше белгісі ретінде аю таңдалған. 

Жарыстың маскотын алғашқы таныстыру рәсімі Гельзенкирхендегі мектептің бірінде өткен. Ал UEFA ресми сайтында:"Жарыстың басты таным белгісі ХХ ғасыр басында Германияда пайда болған балалардың ойыншық аюына құрмет ретінде таңдалған" - деп жазылған. 

UEFA сайты арқылы алдағы екі аптада жарыс маскотына ат таңдалады. Дауыс беруге ұсынылған 4 есім де "аю" атауымен төркіндес (Bär - аю): Albärt, Bärnardo, Bärnheart және Herzi von Bär.

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты келер жылдың 14 маусымы мен 14 шілдесі аралығында өтеді. Негізгі кезеңде 24 ұлттық құрама бақ сынайды. 

Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінде 4 ойын өткізіп, 3-де жеңіске жетті. 9 ұпаймен "Н" тобында екінші орында келеді.