Сенсация! Футболдан Қазақстан құрамасы Солтүстік Ирландияны ұтты

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Солтүстік Ирландияны ұтты. Белфастта өткен ойында отандастарымыз 1:0 есебімен жеңіске жетті. 

Магомед Адиев жаттықтыратын ұлттық құрама қорғаныста мығым ойнады. Қарымта шабуылда жеңіске бастар жолды іздеді. Сондай мүмкіндікті 81 минутта алаңға шыққан Абат Айымбетов тудырды. Араға 7 минут сала алаң ортасында допты алып, шабуылды өзі аяқтады. Алаң иелері қорғаушыларынан сытылып шығып, жеңіс голын соқты. 

Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінде үшінші ойын қатарынан жеңіске жетіп, Еуропада сенсация жасауда. Бұған дейін қазақ футболшылары Дания мен Сан-Марино құрамаларынан 3 ұпайдан алған еді. Н тобында Финляндиямен бірге 9 ұпаймен үзеңгі қағыстырып келеді. 

Келесі ойынын Қазақстан құрамасы 7 қыркүйек күні Финляндияға қарсы өткізеді. 

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!