Мбаппе ПСЖ-дан кететінін жоққа шығарды

Мбаппе ПСЖ-дан кететінін жоққа шығарды
Фото: twitter/FabrizioRomano

Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе ПСЖ сапында ойнай бермек. Мән-жайды инсайдер Фабрицио Романо Twitter-парақшасында жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 

"Келісімшартты ұзартпай, клубта неге қала беремін? Мұнда түсіндіретін ештеңе жоқ. Адамдар не болса, соны айта береді. Оларда ақпарат жоқ. Не істеп жатқанымды және оны неге істеп жатқанымды білемін, нені, не үшін айтып жатқанымды да білемін. Мен клубқа хат жолдадым, одан бері қанша уақыт өтті, ол халықаралық үзіліс кезінде емес еді. Менің олай істеуіме себебім болды", - деген Мбаппе. 

Еске салайық, бұған дейін Мбаппе қай клубты таңдағанын хабарлаған едік. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек