Лионель Месси мансабындағы ең жылдам голды соқты (видео)

Лионель Месси мансабындағы ең жылдам голды соқты (видео)
Фото: Gettyimages.ru © Lintao Zhang

Аргентиналық шабуылшы Лионель Месси мансабындағы ең жылдам голды соқты. 

Аргентина Аустралиямен жолдастық кездесу өткізген. Ойынның 1 минут 19 секундында ол мергендігімен көзге түсті. Месси айып алаңының жанында пас алып, содан кейін солға ауысып, бір қорғаушыны айналып өтіп, қақпаға дәл соққы жасады.


Бұған дейін Мессидің ең жылдам голын (2 минут 7 секунд) 2018 жылы Чемпиондар лигасында "Челсиге" қарсы соққан болатын.

Осылайша, Месси мансабында алғаш рет матчтың екінші минутында-ақ командасын алға шығарды. Енді ол бірінші минутта гол соқса, 90 минуттың барлығында гол соққан ойыншы атанады.

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

Т. Раушанұлы