Мбаппе қай клубты таңдағаны белгілі болды

"Пари Сен-Жермен" форварды Килиан Мбаппе карьерасын жалғастыратын клубты таңдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Le Parisien мәліметінше, франциялық шабуылшы осы жазда "Реал" сапына өтпек. Мадридтіктердің форварды Карим Бенземаның саудиялық "Әл-Иттихад" командасына ауысуы Мбаппеге қатысты жағдайға әсер етіп отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Мбаппе ПСЖ-мен келісімшартты 2024 жылғы 25 маусымға дейін ұзартқысы келмейтіні белгілі болды.  Бұл оған 2024 жылы маусымда еркін агент атануға мүмкіндік береді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!