Чемпиондар лигасының финалы Түркия экономикасына қанша табыс алып келді?

Футболдан биылғы Чемпиондар лигасының финалы Ыстанбұлда өтті. Жанкүйерлер асыға күткен маусымның ең басты ойыны түрік елінің экономикасына айтарлықтай табыс түсірген, - деп жазады Т24. 

Біздің жерге әлемнің көптеген елінен қонақтар келді және еліміздің экономикасына 200 миллион доллар көлемінде пайда алып келді, - деді түрік футбол федерациясының басшысы Мехмет Бүйкекши. 

Айта кетейік, биылғы финал Ыстанбұлдағы Ататүрік атындағы Олимпиадалық стадионда өтті. "Манчестер Сити" (Англия) Миланның "Интер" клубын 1:0 есебімен ұтып, жарыс жеңімпазы атанды.