Флойд Мейвезердің жекпе-жегі жаппай төбелеспен аяқталды

Флойд Мейвезердің жекпе-жегі жаппай төбелеспен аяқталды
Фото: Irish Sun

Америкалық танымал боксшы Флойд Мейвезердің Санрайзда (АҚШ, Флорида) отандасы Джон Готтимен (ІІІ) жұдырықтасты. Жекпе-жек алтыншы раундта тоқтатылғаннан кейін, жаппай ерегес пен төбелес басталып кеткен.

Флойд жекпе-жекті сәтті өткізіп, тәжірибесі мен мықтылығын байқата білді. Алтыншы раундта төреші белгісіз себептермен кездесуді тоқтатты. Одан кейін барып Готти Мейвезерге жұдырығын ала жүгіреді. Бұл шаршы алаңдағы  жаппай ерегес пен төбелеске себеп болды.

Мейвезер кәсіпқой бокстағы мансабын аяқтап қойған спортшы. Тек ара-тұра шоу мен бейресми бокс кештерінде жұдырықтасып тұрады. Соңғы рет 2017 жылы Конор МакГрегормен бокс ережесіне сай жұдырықтасып, 10-раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен. Ал Джон Готти (ІІІ) болса 2002 жылы түрмеде көз жұмған атақты қарақшы Джон Готтидің немересі.

О. Сансызбай