Танымал боксшының ұлы Жәнібек Әлімханұлымен жұдырықтасқысы келеді

Америкалық танымал боксшы Шейн Мозлидің ұлы орта салмақта WBO чемпиондық атағына ие отандасымыз Жәнібек Әлімханұлымен (14-0, 9 КО) жұдырықтасқысы келеді, - деп жазады BoxingScene.com.

Жәнібек мамыр айында канадалық боксшы Стивен Батлерді жеңіп, өз атағын қорғап қалған болатын. Ал кіші Шейн Мозли WBA рейтингінде үздік ондыққа енеді, WBC тізімінде 13-орында.

Егер біздің жолымыз түйісетін болса, орта салмақтағы төртеуімен де жұдырықтасуға дайынмын, әрі чемпиондық атаққа жақындай түсер едім. Лара – Гарсия арасындағы жекпе-жекте жеңгенімен, Чарло, тіпті Жәнібекпен де жұдырықтасуға дайынмын. Мен орта салмақта әлем чемпионы атанғым келеді, - дейді танымал боксшының ұлы.

Айта кетейік, Шейн Мозли үш салмақ дәрежесінде чемпион болған боксшы. Ұлы да әке жолын жалғағысы келеді.