"Манчестер Сити" алғаш рет Чемпиондар лигасы жеңімпазы атанды

"Манчестер Сити" алғаш рет Чемпиондар лигасы жеңімпазы атанды

Ағылшынның "Манчестер Сити" футбол клубы өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасында топ жарды. Маусымның ең маңызды ойынында Хосеп Гвардиола шәкірттері Миланның "Интер" клубын ұтты. 

Ыстанбұлда өткен финалдық ойында "қалалықтар" 1:0 есебімен жеңіске жетті. Жеңіс голын 68-минутта жартылай қорғаушы Родри соқты. 

Ойын соңына қарай миландық клубтың есеп теңестіретін бірнеше мүмкіндігі болған. Ди Марко баспен бағыттаған доп қақпа бағанынан қайтса, Лукаку қақпашыдан айласын асыра алмады. Ал кездесу аяқталар тұста Эдерсон допты жылдам қайтарып, қырағылық танытты. Осылайша "Манчестер Сити" осы маусымда Чемпиондар лигасы, Англия премьер-лигасы мен кубогын ұтып алып, требл жасады. 

"Манчестер Сити" бұған дейін Чемпиондар лигасын ұтпаған еді. 2021 жылы финалда "Челсиге" жол берген болатын. 

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

О. Сансызбай