22 жастағы Қазақстан чемпионы Аян Молдағалиев көз жұмды

22 жастағы Қазақстан чемпионы Аян Молдағалиев көз жұмды
Фото: instagram/sportbasqarmasy_kst

Спорттық гимнастикадан спорт шебері Аян Молдағалиев өмірден озды, дарынды спортшы 22 жаста еді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қостанай облысы спорт басқармасының мәліметінше, гимнаст 6 маусымда қайтыс болған, бірақ оның неден көз жұмғаны туралы ақпарат жоқ.

"Биыл 6 маусымда 22 жасында спорттық гимнастикадан Қазақстан Республикасының спорт шебері Аян Молдағалиевтің дүниеден өткенін хабарлаймыз. Ол танымал спортшы болды және мансабында түрлі жетістіктерге жетті", - делінген хабарламада. 

Аян спорт мансабын 2007 жылы бастап, жарыстарға қатысып Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы атанды. Ол халықаралық турнирлерде де жеңіске жетіп, өзінің жоғары кәсібилігін дәлелдеді.

2018 жылы Аян Индонезияда өткен жастар арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. Сондай-ақ, 2018 жылы Аргентинада өткен жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарына қатысқан. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Управление спорта KST (@sportbasqarmasy_kst)

Аян Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының да мүшесі болды. Оның таланты, еңбекқорлығы мен спортқа деген адалдығы Қазақстанның көркем гимнастика тарихында өшпес із қалдырады. Оның есімі және оның жетістіктері ел есінде көрнекті спортшы ретінде сақталды.

"Аянның отбасына, достарына және барша жанкүйеріне қайғырып көңіл айтамыз", - делінген хабарлама. 

Аянның жаназа намазы 9 маусымда сағат 11:00-де Жайлаубай ата мешітінде болады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек