Модрич "Реалдан" кетеді. Ол Сауд Арабиясы клубымен үш жылға келісімшартқа отырған

Модрич "Реалдан" кетеді. Ол Сауд Арабиясы клубымен үш жылға келісімшартқа отырған
Фото: © John Berry / Contributor / Getty Images Sport / Gettyimages.ru

"Реалдың" хорватиялық жартылай қорғаушысы Лука Модрич мадридтік клубтан кетеді. Бұл туралы Sport24 жазды.

Ойыншы Сауд Арабиясы клубымен келісімшартқа отырады. Келісім үш жылға жасалады. Бірақ Модричтің баратыны клубының әзірге аты аталмаған.

Сондай-ақ, Модрич Хорватия ұлттық құрамасында шақырту алып, Еуро-2024-те ойнауды қалайтыны хабарланды.

Ойыншының "Реал Мадридпен" қазіргі келісімшарты 2023 жылдың 30 маусымына дейін. 37 жастағы жартылай қорғаушы "корольдік клуб" сапында 2012 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Ол осы маусымда Ла Лигада 33 ойынға қатысып, 4 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген.

Бұған дейін Модричті Сауд Арабиясының "Аль-Наср" клубы шақырғаны хабарланған болатын.

Айта кетейік, мадридтік "Реал" Карим Бенземаның кеткенін жариялады. 6 маусымда клуб шабуылшымен қоштасу рәсімін өткізеді.

Т. Раушанұлы