"Ролан Гаррос" турнирінен тағы бір қазақстандық теннисші шығып қалды

"Ролан Гаррос" турнирінен тағы бір қазақстандық теннисші шығып қалды

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Франция астанасы Парижде өтіп жатқан "Ролан Гаррос" турнирінің үшінші айналымында ойнады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

WTA рейтингінде 58-орында тұрған қазақстандық теннисшінің қарсыласы америкалық Слоан Стивенс (30-орын) болды. Бірінші сетте америкалық 6:3 есебімен басым түсті, ал екінші сетте Юлия Путинцева 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Шешуші сетте қазақстандық 2:6 жеңіліп қалды. Осы сетте Юлия Путинцева жарақатына байланысты медициналық үзіліс те алды.

Матч 2 сағат 23 минутқа созылды.

Юлия Путинцева ойын кезінде бір эйс және екі қос қателік жасады. Сонымен бірге бес ұпай мен бес геймді қатар жеңді.

Айта кетейік, Слоан Стивенс US Open – 2017 жеңімпазы.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан