Мбаппе? "Алтын доп" фавориттері аталды

 Мбаппе? "Алтын доп" фавориттері аталды
Фото: Тengrinews.kz

Мадридтік "Атлетиконың" бас бапкері Диего Симеоне "Алтын допқа" үміткерлерді атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап. 

53 жастағы маман үш есімді жариялап, олардың арасындағы басты фаворитті атады.

"Винисиус немесе Мбаппе? Оның ойынына қарап, маған "Алтын допты" Винисиус жеңіп алатындай көрінеді, бірақ ол мен Мбаппенің арасында Мбаппені таңдаймын. 100 пайыз. Холанд пен Мбаппенің арасында да Мбаппені таңдаймын. Ол бәрін дұрыс істейді, бұл ақылға қонбайды.

Біз оған қол жеткізе алмаймыз, Мадрид әрқашан ең жақсысын таңдайды. Ла Лига үшін Мбаппенің "Реалға" ауысуы, ал Мессидің "Барселонаға" оралуы керемет болар еді", - деді аргентиналық маман El Partidazo de COPE басылымына.

Айта кетейік, қазір Марапаттың иегері - "Реал Мадридтің" шабуылшысы Карим Бензема.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек