Бапкері растады! Сенбіде Месси ПСЖ сапындағы соңғы ойынын өткізеді

Бапкері растады! Сенбіде Месси ПСЖ сапындағы соңғы ойынын өткізеді
Фото: psg.fr

"Пари Сен-Жермен" командасының бас жаттықтырушысы Кристоф Гальтье маусым аяқталысымен Месси командадан кететінін мәлімдеді. 

Футбол тарихындағы ең үздік ойыншыны жаттықтыру мен үшін үлкен мәртебе. "Клермонға" қарсы Лео команда сапындағы соңғы ойынын өткізеді, - деді бас жаттықтырушы. 

ПСЖ - Клермон арасындағы ойын 3 маусым күні өтеді. Бұл осы маусымдағы соңғы турдың ойыны. Париждік клуб өткен турда-ақ чемпиондық аттаққа қол жеткізіп қойған болатын. 

Лионель Месси ПСЖ командасына 2021 жылы "Барселонадан" ауысып келді. Осы маусымда 40 ойынға қатысып, 21 гол соқты, 20 нәтижелі пас берді. Командамен келісімшарты 30 маусым күні аяқталады. Кей басылымдар ақпараты бойынша футболшы "Барселонаға" қайта оралуы мүмкін, болмаса Сауд Арабиясының "Әл-Хилал" командасына ауысуы жайлы да ақпарат тарауда. 

О. Сансызбай