Елена Рыбакина "Роллан Гарростың" үшінші айналымына шықты

Елена Рыбакина "Роллан Гарростың" үшінші айналымына шықты
Фото: ©ktf.kz

Қазақстандық танымал теннисші Елена Рыбакина "Үлкен дулыға" санатына енетін "Роллан Гаррос" турнирінің үшінші айналымына шықты. Ол жарыстағы екінші ойында чех қызы Линда Носкованы жарыс жолынан шығарды. 

1 сағат 28 минутқа созылған ойында Елена қарсыласын екі сетте ұтып шықты. Есеп - 6:3, 6:3. Үшінші айналымда Сара Соррибес Тормо (Испания) - Петра Мартич (Хорватия) арасында өтетін ойында жеңгенімен кездеседі. 

Елена Рыбакина бірінші ойында да чех теннисшісімен ойнаған еді. Бренда Фрухвиртова екі сетте айқын ұтып шыққан болатын. 

О. Сансызбай