Қазақстандық тағы бір теннисші "Ролан Гарростың" алғашқы раундында сүрінді

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Париждегі "Ролан Гаррос" турнирінен шығып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

22 жастағы Тимофей Скатовтің бірінші айналымдағы қарсыласы болгариялық теннисші, әлемнің 29-ракеткасы Григор Димитров болды.

Қазақстандық теннисші 0:6, 3:6, 2:6 есебімен ұтылды. 

Айта кетейік, Тимофей Скатов өз карьерасында алғаш рет іріктеуден өтіп, "Ролан Гаррос" турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алған еді. 

Бұған дейін Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик әлемнің 129-ракеткасынан ұтылған еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!