Александр Бублик "Ролан Гарростың" алғашқы раундында жеңіліп қалды

Александр Бублик "Ролан Гарростың" алғашқы раундында жеңіліп қалды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 51-ракеткасы Александр Бублик Францияның астанасы Парижде өтіп жатқан "Ролан Гаррос" турнирінің алғашқы кезеңіндегі матчын өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Александр Бублик турнирдің алғашқы раундында италиялық теннисші, әлемнің 129-ракеткасы Джулио Зеппиеримен ойнады. 

Матч 3 сағат 19 минутқа созылды. Қазақстандық теннисші 0:6, 6:4, 6:4, 3:6, 5:7 есебімен жеңілді.

Александр Бублик ойын кезінде 16 эйс жасап, 12 рет қос қателік жіберді. Сондай-ақ қазақстандық теннисші қатарынан тоғыз ұпай мен үш геймді қатар жеңді.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық теннисші Юлия Путинцева "Ролан Гаррос" турнирінің бірінші айналымында бельгиялық теннисші Марина Заневская ойнап, жеңіске жетті. Ол екінші айналымда қытайлық Чжэн Цинвеньмен ойнайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан