Юлия Путинцева аргентиналық теннисшіден жеңіліп қалды

Қазақстандық екінші, әлемнің 61-ракеткасы Юлия Путинцева Рабаттағы (Марокко) WTA 250 турнирінің ширек финалындағы матчын өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Юлия Путинцева рейтингіде 195-сатыдағы аргентиналық Юлия Риерамен кездесті.

Бірінші сетте қазақстандық 7:5 есебімен жеңгенімен, кейінгі екі сетте 6:4, 6:2 есебімен ұтылды.

Еске салайық, бұған дейін Юлия Путинцеваның Рабат WTA 250 турнирінің ширек финалына шыққанын жазған едік. Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 129-ракеткасы, франциялық Леолия Жанжанды ұтқан еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!