"Барысқа" оралған канадалық қақпашы қанша еңбекақы алатыны белгілі болды

"Барысқа" оралған канадалық қақпашы қанша еңбекақы алатыны белгілі болды
Фото: prosports.kz

Бүгін канадалық қақпашы Эдвард Паскуале "Барыс" сапына қайта оралатыны жайлы ақпарат тарады. "Чемпионат" ақпараты бойынша елордалық команда мен ойыншы арасында екіжылдық келісімшартқа қол қойылады.

32 жастағы қақпашы бұған дейін де (2019-2020) "Барыста" ойнаған. Metaratings.ru таратқан ақпарат бойынша Эдди Паскуале жаңа келісім негізінде 120 миллион рубль (666 миллион теңге) табысқа кенеледі.

Қақпашы "Барыстан" кейін Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) "Локомотив Ярославль" мен "Металлург Магнитогорск" клубтарында ойнады.

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

О. Сансызбай