Қазақстан әйелдер құрамасының теннистен әлем чемпионатындағы қарсыластары белгілі болды

Қазақстан әйелдер құрамасының теннистен әлем чемпионатындағы қарсыластары белгілі болды
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Бүгін, 24 мамырда Лондонда "Билли Жин Кинг" кубогының финалдық кезеңінің топтық кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы "В" тобына түсіп, "Билли Жин Кинг" кубогын 7 рет жеңіп алған Аустралиямен ойнайды. Бұл топта Словения да бар.

Еске салайық, Қазақстан әйелдер құрамасы биылғы сәуір айында әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде өз алаңында Польша құрамасын жеңіп, тарихта екінші рет әлем чемпионатына жолдама алған еді.

Finals of the 2023 Billie Jean King Cup by Gainbridge 7-12 қараша аралығында Севильяда (Испания) өтеді. Әлем чемпионатына Қазақстаннан басқа тағы 11 команда қатысады: Швейцария (2022 жылғы Билли Жин Кинг кубогының жеңімпазы), Аустралия (2022 жылғы Билли Жин Кинг кубогының финалисі), Франция, Канада, Чехия, Италия, АҚШ , Испания, Словения , Германия және Польша (уайлд-кард иегері).

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан