Мерген қыз Әсем Орынбай Алматыдағы Әлем Кубогында топ жарды

Мерген қыз Әсем Орынбай Алматыдағы Әлем Кубогында топ жарды
Фото: kazsports.kz

Әсем Орынбай стенд атудан Алматыда өтіп жатқан Әлем Кубогының жеңімпазы атанды. Отандасымыз скит бағдарламасында қарсылас шақ келтірген жоқ, - деп хабарлайды ҚР Спортты дамыту дирекциясы.

Финалда негізгі кезеңде 60 рет нысана көздеген соң үндістандық Ганемат Секхон мен Әсем 50 ұпаймен тең түсті. Қосымша мүмкіндікте қазақстандық спортшы екі ретте де мүлт кеткен жоқ. Ал қарсыластың жүйкесі сыр беріп, бір рет қана нысанаға дәл тигізе алды. Қола медаль тағы бір үндістандық Даршна Ратхорға бұйырды. 

О. Сансызбай